Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Перизат Қайрат мекеме ішінде еңбекке тартылған.
"Сотталған адам мекемеде жұмысқа орналастырылды, қызметтік бөлмелерді тазалаумен айналысады", - деп жазылған хабарламада.
Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал болды.
2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
2025 жылы 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!