"Педофилдің құрбанымын". Бала кездерінде қорлауға ұшыраған қыздардың қилы тағдыры

"Педофилдің құрбанымын". Бала кездерінде қорлауға ұшыраған қыздардың қилы тағдыры
Фото: © elements.envato.com

Тележурналист Жанар Байсеміз өзінің инстаграм парақшасында бала күнінде қорлық көрген жандардың басынан кешкен оқиғалары жайлы жазба жариялады. Журналистің педофилдер туралы ойына жауап ретінде өз тағдырын айтқан, Анонимді түрде жарияланған қилы тағдырлардың хикаясын бей оқу мүмкін емес. Massaget.kz тілшісі олардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынады. Олардың оқиғасы біреуге сабақ, біреуге ой салса игі. 

"Қазір жақындарыма қақсап айтамын. Балаларды кіммен болса да, жалғыз қалдырмаңдар.
Өйткені, педофилдер арамызда"!

Шамамен 5 сыныпта оқитын кезім. Мамамның туған інісі ұрлық бойынша түрмеде отырып келді. Жасы 30 шамасында. Сөйтіп, біздің үйде қонақ болды. Үйде неше күн болғанын ұмытып қалдым. Бір күні ұйықтап жатсам, біреу сипалап жатыр. Үйде бәрі бар. Бәрі ұйқыда. Сол кезде неге үндемей қалдым, әлі түсініксіз. Қорықтым, ұят санадым... Кейін жай сипалауын қоймай, іш киімімді шешіп, тиісетін болды. Көп ұзамай ол ауылына кетті. Өз үйімде өзім үрейленіп жүретінмін...

Келесі жағдай 6-7 сыныпта оқып жүргенімде болды. Үйде ата-анам жоқ. Мамамның ағасы бір тойдан шығып, біздің үйге келді. Әйелі, бала-шағасы бар. Удай мас. Ұйықтасын деп төсегін салып бердік. Біз 1 бөлмелі үйде тұратынбыз. Ұйықтап жатқанымда қасыма келіп жатты. Мен сезіп, дауыс шығардым. Ол болса "мен ғой ағаң" деп құшақтады. Әр жерімді сипалады. Ол кезде мен түсінетінмін бәрін. Жиіркенішті болды. Жыладым. Бірақ, айтқанын жасадым. Әке-шешем әрдайым жұмыста болатын... Сондықтан айтсам сенбейтіндей, менің ондай сөздерімді тыңдап отыруға уақыты жоқтай көрінетін. Қазір жақындарыма қақсап айтамын. Балаларды кіммен болса да, жалғыз қалдырмаңдар. Өйткені, педофилдер арамызда!

Періштем қақты

Аудан орталығы болған ауылда тұрдық. 1-2-сынып оқитын кезім. Қыс мезгілі болатын.Тал түсте далада ойнап жүрдім, қасымда ағам болды. Ауылда психикалық ауытқуы бар үлкен жігіт болатын. Ағам менің қасымда болмаған сәтін пайдаланып, мені қолын бұлғап шақырып алды. Қайдан келе қалғанын  білмеймін. Ойымда дым жоқ бардым қасына. Бірдеңе дейді,түсінбеймін. Қолымен менің екі бұтымның арасын сипады да, күлді. Періштем шығар қорғаған кері шегініп қашып кеттім.

Одан кейін 4-сынып оқып жүргенімде көрші қыздарға ойнауға барғанмын. Олар жаздық сарайда шәй ішіп отыр екен. Мен үйдің ішіне қыздарын іздеп көрдім. Сол кезде 40 жас шамасындағы көрші кісі мас күйінде кроватта жатыр екен. Бес баласы бар, әйелі алтыншысына екіқабат болатын.  Мені қасына шақырып алды. Мен тұрмын көзім бақырайып, түсінбей. Екі қолымнан ұстап алды да,"Мен саған қәзір бірдеңе істеймін, бірақ сен ешкімге айтпа иә?"дейді. Жүрегім бір сұмдықты сезгендей кері шегіне бердім де, қаштым. Денем дірілдеп, алды- артыма қарамастан зыттым. Қайта қуған жоқ. Үйге жеткенше дірілдеп бардым. Ешкімге айтқан емеспін. Қазір жасым 42 де. Содан ба, кейін оқушы кезімде ер балалар көрсем өз-өзімнен шошып, қашатынмын.  

 Сонда деймін-ау басқа басқа, ана 6 баласы бар үлкен кісінің әрекетіне басым жетпейді. Өзінің қызымен жасты қызды зорлағысы келгені... Алла тағалама мың да бір шүкір. Мені осындай талай зорлау оқиғасынан сақтап отырды.

Имансыз ИМАМ

17 жастамын. Жолымыз түсіп бір ауылға бардық. Сол ауылдағы мешіттің бас имамы біздің алыс туыс болатын. Әкем "осы кісі саған дем салып береді, оқылып ал" деп айтты. Ол мені мешіттегі өз бөлмесіне кіргізіп құран оқи бастады. Төмен қарап отыра бердім. 10 минуттай оқыды. Оқып болған соң мені сипалап, ернімнен сүйе бастады. Мен жүгіріп шығып кеттім. Сол имамды арасында тойларда көріп тұрам. Дым болмағандай қарап тұра береді. Алла бәрін көріп, біліп тұр. Аллаға тапсырдым. 

Ер адамдардан қорқатынмын

Бұндай жағдайлар көп. Бегімбет деген кісінің екі ұлы болатын. Олар да мама папа ойнайды екен. Үйлеріне бір рет барғанымда менің іш киімімді шешіп, бірі үстіме шығып, екіншісі қолымнан ұстап жерге жатқызды. Айқайлап, жан дауысыммен астынан босап шығып, әкеме айтып келдім. Әкем таяқпен ұрды. Сол бала оңбады. Түрмеге түсіп, екі рет әйел алып. Сол есіме түссе маған жиіркенішті. Ауылда баламыз ғой, кейде ойнағымыз келіп үйден шықсақ осындай жағдайлар болып жататын. Ондай көп, білмеймін, ішімдегіні шығарғым келді. Содан ба күйеуді де дұрыс таңдай алмай, еркек атаулыға жуыса алмай, ақыры тұрмысқа шығып, екі бала сүйіп отырмыз. Сол психологиялық соққылар әсері ме қыз бен жігіт болып ешкіммен жүріп, ішкі сырымды да ақтармаппын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz