Мамандар педофилдерді анықтау үшін сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде құрбан болғандардың көбі өз үйінде зорланғаны белгілі болған. Бірақ бұл әдіс қылмыскерлерді ұстауға көмектеседі деген сөз емес, - деп хабарлайды Diapazon.
Ақтөбе облысының полиция департаменті ересектердің бүлдіршіндерге жасаған зәбір көрсетуі секілді қылмыстардың ахуалы туралы айтты.
"Елде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың басым бөлігін балаларға қатысты зорлық-зомбылық, оның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық құрайды. Ересектерден зәбір көретіндердің 70 пайызы үйінен шықпай-ақ зорлыққа ұшыраған. Бүлдіршіндерге, негізінен, өз әкелері, не өгей әкелері, туған-туыстары мен әке-шешесінің достары қысым көрсетеді", - дейді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Амантұрлы Тәкешев.
Полиция қызметкері мұндай қылмыстарды алдын алу үшін сауалнамалардың көмегі қажет екенін, алайда бұл жүйе толық әзірленбегенін, себебі сауалнамада мұндай деректерді көрсетпейтінін айтты.