Педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түсетіндерге арналған арнаулы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жоғары оқу орындарында онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әрбір жоғары оқу орны емтихан тапсыру форматын және күнін өзі белгілейді. Арнаулы емтихан - грант конкурсына қатысу үшін де, ақылы оқуға тапсыру үшін де міндетті емтихан.
"Грант конкурсына қатысуға ниетті болсаңыз, арнаулы емтиханды грант конкурсына құжат тапсырғанға дейін тапсыру керек. Арнаулы емтиханды кез келген ЖОО-да тапсыруға болады. Емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады", - деп жазылған ҰТО хабарламасында.
Педагогикалық мамандыққа да, медициналық мамандыққа да тапсыруға ниетті талапкерлер арнаулы емтиханды педагогикалық бағыт бойынша да, медициналық бағыт бойынша да тапсыруы керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!