“Пайызы аз несие“: Астанада ірі көлемдегі алаяқтық дерегі анықталды

“Пайызы аз несие“: Астанада ірі көлемдегі алаяқтық дерегі анықталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада ірі көлемдегі алаяқтық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып беруге көмектесемін деген желеумен алаяқтық жасалған. Алдын ала тергеу барысында күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, банк арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеп беремін деп уәде етіп, түрлі сылтаумен ақша алғаны анықталды.

Қылмыстық әрекет салдарынан келген материалдық шығын көлемі 7 млн теңгеден асады. Бұл дерек бойынша 50-ге жуық алаяқтық эпизоды тіркеліп, барлығы бір адамның әрекетіне байланысты екені анықталған.

"Күдіктіге қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу аясында жәбірленушілердің саны артуы да мүмкін", - деді ІІМ өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget