Бұған дейін TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирде қазақтың ұлттық аспабы домбыраның харам екенін айтқан әйелдің видеосы тарап кеткен еді. Оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілерде наразылық тудырып, депутаттардың назарын аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Пайғамбарды түсімде көрдім" деп айтқан әйел тікелей эфирге хиджабсыз шығып, орамалын шешуге неліктен шешім қабылдағанын түсіндірді.
"Бұл шешімді адал өмір сүріп, балаларымның көзіне тіке қарау үшін қабылдадым. Иманым жүрегімде. Мен қазақпын, намысымды қорлауға жол бермеймін. Осыны біл! Сенім киімге қарап бағаланбайды", - деді ол өз парақшасында.
Сондай-ақ, ол ҰҚК қызметкерлеріне алғысын білдірді.
"Сіз қанша адам намаз оқып, жамандық жасап жатқанын білмейсіз. Көпшілік ҰҚК қызметкерлерін жау санайды. Бірақ мүлде олай емес. Қазақ қызы болғандықтан ҰҚК қызметкерлері маған көмектесті. Оларға ризамын. Олардың көмегі болмағанда, менің жағдайым не болар еді, кім білсін", - деп қосты ол.
Желі қолданушыларының көпшілігі қызды қолдаса, кейбірі хайпқа балап, "дінге сатқындық жасады" деп айыптады.
"Сен сатқынсың, дініңді саттың", "хайп қудың", "сен мұсылман емессің", "тозақта шірі", "дінге тиіспе", "оған жын кірген" деп жазды олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!