Павлордар облысында жол апаты салдарынан ер адам көз жұмды. Оқиға Павлодар-Семей автожолында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қараша сағат 23:30 шамасында Павлодар - Семей автожолындағы Аққулы ауылының маңында жол апаты болған. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 4 минутта жеткен.
"Оқиға салдарынан 33 жастағы ер адам апат орнында жан тапсырды. Сондай-ақ, 26 және 54 жастағы екі әйел Аққулы ауданының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады станция.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жол апатының тіркелмегенін мәлімдеді.
Жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында 433, ал былтыр 576 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз