- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарлықтың гаражынан 2...
Павлодарлықтың гаражынан 2 миллиард теңге болатын мүйіздер табылды
Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 миллиард теңге болатын киік мүйіздері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркіледі.
Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.
"Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина