Павлодарлық тұрғынның денесі пәтерлердің бірінен табылды. Полицейлер ер адамның өліміне қатысты тергеу жұмыстарымен айналысып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тelegram-арналардың біріндегі мәлімет бойынша, марқұм 23 жаста болған. Ер адам полицейлердің туысы болуы мүмкін. Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, ер адамға туысы оқ атқан болуы мүмкін. Тапанша түскі ас уақытында үстелде қалған.
Павлодар облысы Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, бұл істі полиция тергеп жатыр.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды", - деді полиция өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!