• 519.19
  • 490.7
  • 5.29

Павлодарлық студент құрбыларының көзінше қызды аяусыз соққыға жыққан

Павлодарлық студент құрбыларының көзінше қызды аяусыз соққыға жыққан
Фото: Видео кадры

Желіде қызды құрбыларымен аяусыз соққыға жыққан студенттің видеосы тарады. Полицейлер олардың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда бір қыздың диванда отырған екінші қыздың бетінен жұдырықпен ұрғанын, содан кейін тепкенін көруге болады. Бөлмеде мұны бақылап тұрған тағы бірнеше қыз бар, олардың тек біреуі ғана ашуға мінген құрбысын тоқтатуға әрекет жасағандай болады.

Енді бір эпизодта қыз жәбірленушіні еденге құлатып, тағы бірнеше соққы береді.

Видеоның Павлодарда түсірілгені белгілі болды.

"Бәрінің жеке басы анықталып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Расталмаған ақпарат бойынша видеодағы қыздардың жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттері екені айтылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан