Павлодар әкімі Хасар Хабылбеков бүгін қалалық білім беру нысандарының қауіпсіздігіне арналған жиын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"№14 мектепте болған оқиға жауапты қызметтердің кемшіліктерінен болды. Сыныптасы мен мұғалімін жарақаттаған бала психологтар мен мұғалімдердің көмегіне мұқтаж болғаны қазір белгілі болып отыр. Мектеп басшылығы мұны байқамаған. Жасөспірім сабаққа пышақты қалай алып кіргенін де ешкім байқамаған", - дейді ол.
Айта кету керек, білім беру мекемесі бұрын террористік лаңкестікке бейім нысан ретінде тексерілген, оның күзетіне қатысты маңызды ескертулер жасалған, бірақ ешкім кемшілікті жоймаған.
"Өкінішке қарай, мұндай жағдай қаладағы тек осы мектепте болған жоқ. Бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселелер бар. Бізге ұнамайтыны – мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы қарт күзетшілерді тарту үрдісі қалыптасқан. Мектеп директорлары мен білім саласындағы шенеуніктердің оқушылармен болған келеңсіздіктерді жасыру әрекеттері бар", - деді қала әкімі.
Бірақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен, нақты үйлестірілген жұмысы жоқ.
"Оны ұйымдастыру менің тапсырмаларымның бірі болды", – деп мойындайды Хасар Хабылбеков.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!