Павлодарлық оқушылар мен студенттер ертең де қашықтан оқитын болды

8 қарашада Павлодардағы мектептерде ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ қашықтан өткізіледі. Онлайн оқуға 0-11 сыныптардың оқушылары, колледжердің 1-2 курс студенттері ауыстырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодарда бүгін екпіні күшті жел соғып, білім беру мекемелері онлайн оқуға ауыстырылған еді.

Білім бөлімі оқушылар ертең де үйінде оқитынын мәлімдеді.

"2024 жылғы 8 қараша күні Павлодар бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп хабарлады білім бөлімі.

Өңірде қазіргі уақытта 359 мектеп жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында барлығы 118 мың оқушы білім алып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!