Павлодарлық медбике қарттар үйіндегі зейнеткерлердің ақшасын ұрлап алған

Павлодарлық медбике қарттар үйіндегі зейнеткерлердің ақшасын ұрлап алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының медбикесі 2023 жылдың күзінде екі зейнеткердің ақшасын ұрлаған.

24 жастағы қыз зейнеткерлердің банк карталарын пайдаланып, 250 мың теңге көлемінде ақша жымқырған.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы ("Ұрлық") бойынша жүргізді. Кейіннен іс Павлодардағы №2 сотқа түскен. 

"Сот талқылауына дейін жәбірленушілер тарапынан сотталушымен татуласуға байланысты істі тоқтату туралы жазбаша өтініштер түсті. Залал толығымен өтелді. Жәбірленушілердің сотталушыға шағымдары жоқ", - делінген Павлодардың №2 сотының қаулысында.

Сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз