• 496.66
  • 490.7
  • 5.54

Павлодарлық қыздың қыр соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылады

Павлодарлық қыздың қыр соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылады
Фото: polisia.kz

Павлодарлық қыз полицияға бұрын бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады. Айырылысқаннан кейін ер адам оның соңынан қалмай, аңдуды жалғастырған, оған қауіп төндіретін хабарламалар жіберген, үнемі балағат сөздер айтып, зорлық-зомбылықпен қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары шетелдіктің ҚР аумағында болу мерзімін бұзғанын анықтады. Ол ұсталды, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және кейіннен өз елінің елшілігінде одан әрі құжаттау үшін қабылдағыш-таратқышқа орналастырылды. Ол енді елден шығару жайлы шешімді күтіп отыр.

Қыздың қоқан-лоқы мен өзін аңдыған жайтқа байланысты бұрын полицияға жүгінбеген, бәрі шешіледі деп ойлаған.

Ведомство мұндай кезде 102 телефоны арқылы хабарлауды, police 102 мобильді қосымшасын пайдалануды немесе Instagram Direct @dp_pavlodar-ға ақпарат жіберуді ескертті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес