- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарлық жігіт көлікке...
Павлодарлық жігіт көлікке кірпіш лақтырғаны үшін жазаланды
Павлодарлық тұрғын мас күйінде өзгенің көлігіне зақым келтіргені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысының мамандандырылған сотының мәліметінше, оқиға биыл қазан айында болған. Павлодарлық жігіт мас күйінде қала тұрғынына тиесілі көліктің артқы терезесіне кірпіш лақтырған.
Ер адам кірпіш лақтырған кезде көлік иесі - әйелдің өзі көліктің ішінде отбасымен бірге, ал артқы орындықта 12 жастағы қызы болған. Кірпіштің соққысынан әйнек сынып, сынған бөлшектер қыздың үстіне түскен.
Павлодар тұрғыны өз кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды дауламады. Ол бұл әрекетті мас күйінде жасағанын айтқан.
Сот кінәліні 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан