Желіде футбол бапкерінің 10 жастағы қызға зорлық көрсеткені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны "кей жерінен" сипауға мәжбүрлеген. Ол қызды қонақ үйге алып кетіп, кейін өз ауласына қайтарған.
Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!