- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бір уыс шаш
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты. Ота бір жарым сағат уақытқа созылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел жәрдем жасөспірімді шұғыл түрде тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруы, құсу, асқазан аймағында ісік пайда болуы шағымдармен облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 10 жастағы қыздың асқазан-ішек жолдарында уыс шаш табылды.
"Асқазан мен он екі елі ішектен тамақпен араласқан шаш уыс алынып тасталды. Ота тұрақты және асқынусыз өтті", - деді хирург Әсем Дәулетова.
Отадан кейін баланың жағдайын тұрақтандыру үшін оны реанимация бөліміне бірнеше күнге жатқызды.
Мұндай трихобезоар - органдарда шаштың жиналуы - созылмалы күйзеліске ұшыраған немесе витамин тапшылығы бар адамдарда пайда болуы мүмкін.
Психолог Айнагүл Шүкірованың пікірінше, балалардың мұндай мінез-құлқының басты себебі - жақындарынан алыстау, қорқыныш, күйзелістік жағдайлар кезіндегі алаңдаушылық, мысалы, ата-анасының ажырасуы немесе жақын адамынан айырылу.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан