Павлодарлық фельдшерлер зейнеткерді инфаркттан аман алып қалды, науқас клиникалық өлім жағдайында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
20 шілдеде сағат 06:50-де облыстық жедел жәрдем станциясының пультіне Шарбақты ауданынан шақырту түскен. Қоңырау шалған 63 жастағы ер адам кеуде қуысының ауырып тұрғанын айтқан.
Медицина қызметкерлері науқасқа 4 минуттан кейін барған. Олар ер адамды клиникалық өлім жағдайынан құтқарып қалған.
"Науқасқа жедел миокард инфарктісі диагнозы қойылды. Ол бірден клиникалық өлім жағдайына түсті. Фельдшер жедел жәрдем жүргізушісімен бірге дефибрилляторды пайдаланып реанимациялық жәрдем көрсетуді бастаған. Науқастың жағдайы тұрақталғаннан кейін оны Шарбақты аудандық ауруханасына жеткізді", - деді 103 облыстық станция қызметінің бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая.
Аман қалған ер адам Шарбақты ауданынан Павлодар облыстық кардиорталығына ауыстырылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!