Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Павлодар облысындағы ер адамды кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін кінәлі деп танып, 17 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. Р., кінәсін мойындамады, жәбірленушімен жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Сондықтан оның әрекетін онша ауыр емес бапқа – ҚК-нің 122-б. 1-б., атап айтқанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас ретінде қайта саралауды сұрады.
"Р.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Екі аса ауыр қылмыстың жасалғанын ескере отырып, сот түпкілікті 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген сот үкімінде.
Сондай-ақ Р. өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!