- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарлық дәрігерлер екі...
Павлодарлық дәрігерлер екі жасар қыздың бітісіп кеткен башпайларын ажыратты
Облыс орталығында оң аяғының үшінші және төртінші башпайы бітісіп қалған екі жастағы қызға ота жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында бес күндей болады. Хирургиялық араласу сәтті аяқталды. Облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Александр Савичтің сөзінше, балалардың қол немесе аяқ башпайларының бірігуі кезінде ота тегін жасалады.
" Саусақтардың синдактилиясы – туа біткен ақау. Бұл ауытқумен өмір сүруге болады, алайда клиникалық тұрғыдан әдемі көрінбейді", – деді Александр Савич.
Оның айтуынша, синдактилиядан басқа полидактилия – баланың аяқ-қолдарында артық саусақтың пайда болуы кездеседі.
"Жылына осындай патологиямен келетін 20-ға жуық науқасқа ота жасатамыз. Башпайларды бір-бірінен бөлген кезде дененің басқа бөліктерінен тері трансплантация жасалмайды, яғни алынбайды. Яғни, хирургиялық араласудан кейін қол-аяқтың саусақтары кәдімгі қалпына келеді. Тігістер оныншы тәулікте алынады. Содан кейін бала оңалтудан өтеді. Егер де сүйекке тірек қойылса, онда аяқ немесе қолды бекіту үшін гипс салынады", – деді дәрігер.
Пластикалық ота барысы ауытқудың күрделілігіне байланысты болады.
"Бала бір жасқа келгенге дейін ота жасаған жөн, өйткені бір жаста балалар жүріп, аяқ қиім кие бастайды. Яғни, жүрген кезде бұл қолайсыздық тудырады", – деп атап өтті Александр Савич.
Дәрігердің айтуынша, осындай отаның орташа бағасы 300 мың теңге тұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан