Павлодарлық бұрынғы жұбайының жеке суреттерін жұртқа жариялаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлыққа қатысты әлеуметтік желілерде басқа адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз таратқаны үшін соталды тергеу басталды.
Ер адам ВКонтакте әлеуметтік желісінде бұрынғы әйелінің жеке сипаттағы суреттері мен видеоларын жариялаған. Өзін әйелдің танысы ретінде көрсеткен ер адам ол туралы жалған ақпарат таратып, адамдарға хат жазған. Бұл туралы естіген қала тұрғыны полицияға жүгінген.
"Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы 5-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар ҚП Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!