- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарлық әйел орындықта...
Павлодарлық әйел орындықта отырған күйде қайтыс болған
Павлодарлық құтқарушылар ас үйдің терезесі арқылы үйге кіріп, орындықта отырған әйелдің мәйітін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 16:50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есігін ашпай жатқаны туралы хабар түскен.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған.
"Құтқарушылар ас үйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды", - деп хабарлады ведомство.
Шақыртуға бір техника мен төрт қызметкер, 102 қызметі шықты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан