Павлодарлық танысымен жанжалдасып қалған әйел көшедегі батырманы басып, аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әйел адам танысымен жанжалдасып қалып, көмек сұрады. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Әйелдің өтініші бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Қала тұрғынының ұялы телефоны бұзылып қалған, жаңасын әлі сатып алмаған. Жанжал кезінде абырой болғанда, SOS батырмасын көріп, пайдаланған. Тәртіп сақшылары бұл қоңырау, бәлкім, оны ауыр қылмыстан құтқарып қалғаны мүмкін екенін айтады.
Облыстық полиция департаменті кез келген төтенше жағдайда өңір тұрғындары полицияға хабарлауға және көмек сұрауға басқа мүмкіндік болмаған кезде SOS батырмасын пайдалана алатынын еске салды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!