- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарлық 15 жастағы...
Павлодарлық 15 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсетіп, үйінен 250 мың теңге алып кеткен
Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлады. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.
"Белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 000 теңге қаражатын иемденген. Арнайы іс-шаралар басталды, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны "ізін суытпай" ұсталды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-ның 192-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды. Тергеу жалғасып жатқаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан