- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- павлодар жылу жэо
Павлодардың жартысы жылусыз қалды
Павлодар қаласының шығыс бөлігі жылусыз және ыстық сусыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындар таңнан бері үйлерінің суып кеткенін байқаған. Содан кейін ғана жылу жоқ екеніне көз жеткізген. Сонымен қатар ыстық су да өшіп қалған. Әлеуметтік желіде жұрт қаланың жартысын жылумен қамтамасыз ететін бірінші жылу электр орталығында (1-ЖЭО) апат болды деп жарыса жазып жатыр. Алайда әкімдіктің ресми ақпараты басқаша.
"1-ЖЭО-да құбырдың ысырмаларын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты жылу параметрлері уақытша төмендетілді. Қазір жұмыстар аяқталды, температуралық режим қалпына келтіріліп жатыр. Бірнеше сағат ішінде жылумен қамтамасыз ету көрсеткіші қалыпқа келеді", - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.
Білім беру бөлімі қаланың шығыс бөлігіндегі мектептер мен балабақшалар қалыпты жұмыс жасағанын айтады. Ал ысырманы жазда ауыстырмай, жылу берілгеннен кейін алмастырылғанына тұрғындар таң-тамаша.
Е.Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz