Павлодарды су басқаны туралы ақпарат тарады
Whatsapp желісі арқылы Павлодардағы Ертіс өзенінде су деңгейі күрт көтерілгені жайлы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарлама мәтінінде Усолка шағынауданының жағалауындағы үйлерді жақын арада су басуы мүмкін екені жазылған. Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі өкілі хабарламалар жалған екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, облыс қонақтары мен тұрғындарынан тек тексерілген дереккөздерге сенуді сұрайды.
"Биылғы жылы жоғарғы Ертіс каскадының су қоймаларынан су жіберу көлемі былтырғыдан 50 пайызға артық жоспарланған, бірақ рекорд көрсеткіш емес", - деді департамент өкілі.
Мысалы, 2016 жылы көлемі әлдеқайда жоғары болыпты.
ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алдын алу дайындық іс-шараларын жүргізіп жатқаны белгілі болды. Мамандар бөгеттер тұрғызып, қап дайындап, су деңгейіне мониторинг жасап отырғанын хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова