- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодардағы зауытта екі...
Павлодардағы зауытта екі адам зардап шекті
Фото:
Tengrinews.kz
15 тамызға қараған түні Павлодар алюминий зауытының гидрометаллургиялық цехында жұмыс жүргізу кезінде екі қызметкерге сілтілі ерітінді түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккендер қалалық аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Олардың бірі жалпы палатада, екінші қызметкер реанимацияда емделді.
Компания қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алды. Реанимациядағы қызметкер үшін бөлімде қалатын күйік алған адамдарға арналған төсегі сатып алынды.
Айта кетейік, Мемлекеттік органдарға оқиға туралы хабарланды. Аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан