Павлодардағы тасжолда бес көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Павлодардағы тасжолда бес көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Павлодардағы тасжолда бес көлік соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 4 ақпанда таңертең Павлодар ауылының жанындағы Омбы - Майқапшағай автожолында бес автокөлік соқтығысты.

Облыстық жедел жәрдем станциясына жол апаты туралы шақырту таңғы 08:45-те түсті. Жол апаты салдарынан 1959 жылы туған әйел көз жұмды. Ол Mitsubishi автокөлігінің жолаушысы болған. 

Оқиға орнында жедел тергеу тобы әлі жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, синоптиктер бүгін, сейсенбіде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қалың тұман түсетінін ескерткен. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан