- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодардағы саябақта әйелінің...
Павлодардағы саябақта әйелінің көзінше ұлын ұрып жіберген ер адам сотта жауап береді
Павлодар тұрғыны саябақта ұлын ұрып жіберген. Оқиға Гагарин саябағында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Іnstagram-дағы парақшасында ер адамның баласын балағаттап, ұрғанын жазған.
"Ол оның мұрнын сындырды. Дереу полиция шақырдым, екі минутта жетті. Тәртіп сақшылары жағдайды анықтап жатқанда әйел баламен қашып кетті. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес сияқты", – дейді видеоның авторы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі 22 қазанда сағат 17:30-да Гагарин саябағында мас күйінде кәмелетке толмаған ұлын ұрған ер адам медициналық айықтырғышқа жеткізілгенін хабарлады.
"52 жастағы ер адамға қатысты ұрып-соғу немесе физикалық ауыртпалық тудырған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберіледі. Сотқа дейін ер адам уақытша ұстау камерасына орналастырылған", - деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ ер адам қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекснің 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған ұлына сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан