- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодардағы мектептердің бірінде...
Павлодардағы мектептердің бірінде оқушылар арасында жанжал шықты
Полиция Павлодардағы мектептердің бірінде болған жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 қазанда сағат 17.26-да Павлодар қаласының полициясына Ткачев көшесінде орналасқан мектептің оқушылары арасындағы жанжал фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері үзіліс кезінде сағат 16.35-те баспалдақ алаңында 7-ші және 8-ші сыныптардың (2008 және 2009 жылы туған) екі оқушысы арасында иық соқтығысуына байланысты жанжал туындағанын анықтады.
"Кәмелетке толмағандардың бірі екіншісінің беті мен желке аймағына кеңсе пышағымен дене жарақатын салған, сондай-ақ өзінің оң қолының саусақтарын жарақаттаған", - деді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Арай Төлемісова.
Кәмелетке толмағандар ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін екеуі де үйге амбулаториялық негізде жіберілген. Жәбірленушінің ата-анасы арыз беруден бас тартты.
Дене жарақатын келтірген оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина