Полиция Павлодардағы мектепте жарылғыш құрылғы орнатылғаны туралы хабарлама бойынша тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 7 сәуірде Павлодардағы №34 мектебінің электрон мекенжайына ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел қызмет дереу жеткен.
Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілген. Тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмаған.
Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертті.
"Бұл үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!