Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт пен тарақан шықты
Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт пен тарақан шыққан. Арыз көбейіп, шағым артқан соң асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 миллион теңге шамасында айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Айта кету керек, бұл жағдай бірінші рет емес екен. Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр. Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.
"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат – айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу", - деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан