Әлеуметтік желіде тұрғындар мүсіншелердің түріне шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойында тұрған "матрёшкалардың" безендірілуі халықтың көңілінен шықпай, сөзге қалды. Тұрғындардың айтуынша, мүсіншелердің бұрынғы түрі біршама әдемірек болған.
"Мамандар мердігермен бірге оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта павлодарлық суретшімен келісім бар, материалдар сатып алынды", - деді ТҮКШ бөлімі.
Айта кету керек, мердігер 14 мамырдан бастап ақауларды жоюға кіріседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз