Павлодардағы колледжде студент өзіне дене жарақатын салған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Алдын ала мәліметке сәйкес колледждің кәмелетке толмаған студенті білек тұсына жарақат салған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы барды", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккен студентке медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген. Ол өзіне жарақат салған құрал тәркіленген.
"Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова