Павлодардағы жолда минивэн аударылып кетті

Павлодардағы жолда минивэн аударылды, көлік жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңақала ауылының жанындағы Омбы - Майқапшағай автожолында Mitsubishi Delica автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Priora маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Mitsubishi Delica жолда аударылды. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Көлік құралына зақым келтіріп, жол ережесін бұзғаны үшін Mitsubishi жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!