Павлодардағы жел: вокзалда жуырда ғана орнатылған жаңа сағат істен шықты

Павлодарда желдің салдарынан теміржол вокзалындағы жаңа сағат істен шықты. Электронды сағат жуырда ғана орнатылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде вокзал маңында тұрған жаңа сағат қатты желден қирап қалғаны туралы жазба тарады.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, күздің ортасында вокзал маңын абаттандыру жұмыстары аясында ескі сағат жаңартылып, электронды нұсқаға ауыстырылды.

"Іске қосу кезінде сағат жұмысында ақаулар анықталды. Сондықтан ТҮКШ бөлімі жұмысты қабылдамады. Төлем жүргізілген жоқ", - деді бөлім мамандары.

Енді мердігер сағатты қайта жаңартады.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда қатты желден ағаш құлап, 67 жастағы зейнеткерді мерт қылғанын хабарлаған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз