Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атып, салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмған. Келісімшарт бойынша тағы бір әскери қызметші жарақат алған.
"Қазір соталды тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері.
Тергеу барысы ІІМ әскери тергеу департаменті бақылауында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!