- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда зияткерлік меншік...
Павлодарда зияткерлік меншік туралы Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Ағымдағы жылдың 14 қазанында Павлодар қаласында ҚР Әділет министрлігімен ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында жарияланды.
Қоғамдық тыңдаудың жұмысына Павлодар облысының аумақтық органдарының, Кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық зияткерлік меншік институтының, ғылыми мекемелердің өкілдері, судьялар, патенттік сенім білдірілген өкілдер және кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Қоғамдық тыңдауды модератор, ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры А.Қ.Естаев ашты, Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы А.Е.Досанов, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры С.Б.Байсейітов алғы сөз сөйледі.
Заң жобасын ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары С. М. Нұрымбетова таныстырды.
Сараптамалық қорытындымен патенттік сенім білдірілген өкіл М.М.Тагбергенова сөз сөйледі.
Заң жобасының міндеті – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту.
Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
– зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша өкілеттіктерді сараптама ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру;
– тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі қарау мүмкіндігін кеңейту;
– құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету;
– тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен сәттен бастап жариялау;
– шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдету.
Жалпы заң жобасы қолдау тапты.
Заң жобасының және Тұжырымдаманың толық мәтіндері 2016 жылғы 14, 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz және Ұлттық зияткерлік меншік институтының www.kazpatent.kz (link is external) ресми сайттарында жарияланған.
T. Кіршібаев