Павлодарда зейнеткерді өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
БАҚ-та облыс орталығының тұрғыны өзінің жұбайын пышақтады деген ақпарат жарияланды. Оқиға 1 қазанда болған.
Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды", – деп хабарлады департамент.
Күдікті Павлодар қаласының полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!