- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысындағы ауа райы
Павлодарда зейнеткерді ағаш басып мерт қылды
Павлодарда қатты желден ағаш құлап, 67 жастағы зейнеткерді мерт қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарап кетті.
Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 9.37-де Естай көшесіндегі аулада болған.
Оқиға орнына құтқарушылар, жедел жәрдем жеткен, бірақ зейнеткерді аман алып қалу мүмкін болмады.
"1957 жылы туған әйел зардап шекті. Өкінішке қарай, зардап шеккен адам алған жарақаттарынан қайтыс болды: екі балтырдың, кеуде қуысының, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, ішкі мүшелерінің жарақаттары, 3-4-дәрежелі травматикалық шок", - деп жазылған Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарламасында.
Айта кетейік, Павлодар қаласында түнде басталған қатты дауыл әлі де басылмай тұр. Синоптиктердің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Павлодар мен Екібастұз қалаларында құлаған ағаштар көліктерге зақым келтірген.
Әлеуметтік желіден
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қатты жел салдарынан "Павлодар су арнасы" мекемесінің электр желісінде ақау шығып, су сорғылары ажыратылған. Салдарынан тұрғын үйлерде су қысымы төмендеген.
Павлодарда барлық сыныптың оқушылары, колледждің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.
Еске салайық, бұған дейін өңірлерде күн суытып, қар жауып, салдарынан кейбір жолдар жабылуына байланысты шолу жасадық.
Қай өңірлерде оқушылар онлайн оқитыны да хабарланды.
Анықтама: Күн бұзылуына байланысты ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.
Республикалық жолдардағы жағдайды 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады. Мамандар тәулік бойы қызмет көрсетеді. Алыс сапарға шығуды жоспарлаған азаматтар Kaztoll.kz сайтынан ауа райын онлайн бақылауға болады.
Е.Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова