7 шілдеде Павлодардың орталық жағалауында қайғылы жағдай болды. Веломобиль қоршауға соғылып, салдарынан 69 жастағы әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел анасы және үш баласымен бірге төрт дөңгелекті велосипедпен серуендеп жүрген. Төменге түсіп жатқанда рөлге ие бола алмай, металл қоршауға соқтығысқан. Құлаған кезде зейнеткер ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Қызы мен немерелері ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 6 шілдеде сағат 23:08-де түскен. Алты минуттан соң жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен.
"Өкінішке қарай, 69 жастағы әйел ауыр жарақат алғаны анықталды. 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен 39 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек