Павлодарда құмар ойын желісін құрып, жасырын казино ұйымдастырып келген топ ұсталды. Бес адамнан тұратын қылмыстық топтың құрамында көрші елдің де азаматтары бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Онлайн покер ойынының негізгі базасы Павлодар қаласында орналасқан, осы жерден басқарылған және Қазақстан бойынша таратылған.
"Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестерімізбен бірлесіп, Павлодар облысында орналасқан онлайн казино және покер ойынының ошағын анықтадық. Топтың құрамында ТМД елінің де азаматтары бар", - дейді Павлодар облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма бастығы Серік Муслимов.
Заңсыз интернет казиноның сервері мен сайтын IT мамандары Павлодардан басқарып жүргізіп отырған.
Қазір ұсталғандар қамауға алынып, соталды тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін букмекерлер мен онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салынатыны хабарланды.
Жуырда онлайн казино болуы мүмкін ресурстар тізімі пайда болды.
Е.Базарқұл
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!