Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап мерт болды

Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап мерт болды
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 сәуірде кешке Толстой, 68 көшесінде орналасқан үйде болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Жарияланған кадрларда жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері көрінеді.

"Қоңырау сағат 18:32-де түсті. Біз оқиға орнына 3 минутта жеттік. Шақырту себебі - үш жасар баланың 9-қабаттан құлауы", - делінген жедел жәрдем станциясы хабарламасында.

Оқиға орнына келген дәрігерлер бала қайтыс болғанын анықтаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова