Павлодарда үш айдан бері хабар-ошарсыз кеткен ер адам даладан табылды

Павлодарда үш айдан бері хабар-ошарсыз кеткен ер адам даладан табылды
Фото: depositphotos.com

Сәуірден бері іздеуде болған павлодарлық ер адам Қарағанды облысынан аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шілдеде полицияға ер адамның анасы хабарласып, ұлы сәуірде үйден шығып кеткенін, содан бері оралмағанын, байланысқа шықпағанын айтқан.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен азамат Қарағанды облысы Саран қаласы маңындағы далада жүргенін анықтаған.

ІІМ мәліметінше, ер адам табыс табу үшін жұмысқа кеткен.

"Жолда телефонын жоғалтып алғандықтан, жақындарымен байланыса алмаған. Жаңа телефон сатып алуға қаражаты болмаған", - деді полиция.

Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, оған қатысты ешқандай құқықбұзушылық жасалмаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget