Павлодарлық әйел ұлын тыныштандыра алмай өлтіріп алды. Әйелдің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
№2 соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 28 қазанында облыс орталығының тұрғыны жаңа туған ұлын тыныштандырғысы келіп, оны еденге жатқызған.
"Осыдан кейін ол қатты ашуланып, сәбидің маңдайына және басының артқы жағынан екі рет соққы жасаған. Бала қатты соққыдан жабық бас ми жарақатын алған. Алған дене жарақатынан нәресте қайтыс болды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Әйел баласының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірмегенін айтып, кінәсін мойындамады. Әрі соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!