Павлодарда түзеу мекемесінің бастығы сотталды

Павлодарда түзеу мекемесінің бастығы сотталды
Фото: depositphotos.com

Павлодарда түзеу мекемесінің бастығы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпия саналатын мәліметті жария еткені үшін кінәлі деп танылған.

"Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот сотталушыны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Сондай-ақ, подполковник арнаулы атағынан айыра отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget