Павлодарда түрмеде отырған сүйіктісіне тортқа есірткі салып берген әйел сотталды
Семей қаласының тұрғыны Павлодар қаласында қамауда отырған сүйіктісіне тортқа есірткі заттарын салып, апарып бермек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сәлемдемені ҚАЖД қызметкерлері тауып алған.
"Павлодар полицейлері аталған фактіні тергеу барысында 2023 жылдың қаңтар айында ресми тұрақты табыс көзі жоқ Семей қаласының тұрғыны Павлодарға келіп, Telegram интернет- мессенджерінен жұмыс туралы ұсыныс алғанын анықтады. Әкімші оған есірткіні жасырын жерге тығып қою керек екенін түсіндірген", - дейді департамент өкілдері.
Осылайша ол белгісіз адамнан Павлодар қаласының аумағында өткізу мақсатында психотроптық заттарды одан әрі заңсыз тарату үшін орналасқан жерінің координаттарын алып отырған.
Полицейлер жалдамалы пәтерде тінту кезінде сараптама қорытындысы бойынша аса ірі мөлшердегі психотроптық зат болып табылатын зат, сондай-ақ есірткі құралдарын өлшеп орауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді.
Бұл деректер бойынша ҚР ҚК электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау 297-бабы 3-бөлігінің 1,3, 5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді және сотқа жіберілді.
Сот шешімімен қала тұрғынына 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина