Павлодарда туған қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, барлық аумақтық полиция басқармасына, сондай-ақ облыс пен еліміздің шекара қызметтеріне ақпарат жіберілген.
"Қыздың анасының арызы бойынша, Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жазады басылым.
Жәбірленушінің айтуынша, әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Алайда олар бұған дейін полицияға хабарласпаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!