Павлодарда трамвай вагонында өрт шықты

Павлодарда трамвай вагонында өрт шықты
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда трамвай вагонында өрт шықты. Адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар трамвай басқармасының мәліметінше, №11 бағытта қатынайтын трамвайдың тежегіш қалыбы өртке оранды. 

"Трамвай жүргізушісі қозғалысты тоқтатып, адамдарды сыртқа шығарды. Ол нұсқаулыққа сүйеніп, өртті сөндірді", - деп хабарлады басқарма. 

Вагон ауыстырылуға жіберілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан