Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Павлодарда қала ішінде жүретін автобус жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай, жол ортасындағы трамвай желісінің бағанына соғылды.
"Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.
Қазір апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!